365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет: Қазақстанның батысында ауа температурасы 40 градустан асады

  • 222
  • UPD: 10:13, 26.06.2018
Қазгидромет: Қазақстанның батысында ауа температурасы 40 градустан асады Wday

Синоптиктердің болжауынша, күн райы антициклонның әсерінен күрт құбылады.

Солтүстіктің бірқатар аймағында жауын-шашын болады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал батыс аймақтарда керісінше күн ысиды. «Сынап бағанасы бұл өңірлерде күндіз 42 градусқа дейін көтеріледі», – дейді мамандар.

Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

– Алдағы үш күнде Астана қаласында кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады және де күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде желдің екпіні 15 м/с дейін жетеді. Ауаның температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы болады. Алматы қаласында 26 маусымда жаңбыр жауады, найзағай болады.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында дауылды ескерту жарияланды Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы