374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның батысындағы аптап ыстық басылады

  • 277
  • UPD: 15:35, 02.07.2018
Алдағы тәуліктерде Қазақстанның батысындағы аптап ыстық басылады

Қазақстанның батыс облыстарындағы ыстық ауа райымен байланысты антициклон алдағы үш тәулікте Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның әсерінен шығысқа қарай ауысады.

4-5 шілде аралығында мұнда кей жерлерде найзағай мен өткінші жаңбыр жауып, екпінді жел және ыстық әлсірейді. Антициклонның шығысқа жылжуына қарай республиканың солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарында ыстық және құрғақ ауа райы күтіледі. Бұл аймақтардағы күндізгі температура 30-35°С дейін, оңтүстікте және орталықта 30-41°С дейін, әдеттегіден 4-7°С жоғары жоғарылайды. Атмосфералық фронттардың әсерінен шығыста және оңтүстік-шығыста әлі де найзағай мен жаңбыр сақталады, таулы және тау бөктері аудандарында нөсерлі жаңбыр болуы мүмкін.

Осы категория бойынша: « Маңғыстау облысында сынап бағанасы 46 градусқа көтерілді Енді автокөлікті онлайн тәртіпте тіркеуге болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы