365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

  • 300
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады Экспресс К

Қазгидромет синоптиктері 5-8 күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мамандардың хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарында ыстық және әсіресе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік және шығыста +30, +38 градусқа дейін, орталық және орталық-шығыстың кей жерлерінде +40, +43 градусқа дейін ыстық болады.

Ал еліміздің батысында кей жерлерде найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Өткінші жаңбыр жауады. Сынап бағанасы +30…+36°С дейін түсіп, тек Маңғыстау облысында +40 градустық ыстық сақталады.

Осы категория бойынша: « Енді автокөлікті онлайн тәртіпте тіркеуге болады Атырауда ауа райы алдағы екі күнде қалпына келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы