369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ауа райы алдағы екі күнде қалпына келеді

  • 280
  • UPD: 11:31, 05.07.2018
Атырауда ауа райы алдағы екі күнде қалпына келеді

Атырауда биылғы шілде айы аптап ыстықпен басталды.

Әсіресе соңғы аптада термометр бағаны 43-45 градустан түспей қойды. Жалпы облыс бойынша ең жоғарғы температура Құрманғазы, Индер аудандары мен Атырау қаласында тіркелді. Күннің күрт ысуы мұнайлы өңірде электр қуатына деген сұранысты тым арттырып, энергетиктерді тығырыққа тіреді. Облыс бойынша соңғы 4-5 тәулік бойына жарық жиі сөніп, шұғыл үнемдеуге көшуге тура келді. Қазір мамандар көршілес Ақтөбе, Орал, Ақтау қалаларынан және Ресейдің Астрахань облысынан қосымша энергия көзін алып, жағдайды қалпына келтіруге тырысып жатыр. Соның өзінде қазір облысқа сағатына 40-50 мегаватт көлемінде энергия жетіспейді. Абырой болғанда, синоптиктер алдағы екі күннен кейін ауа райы біртіндеп қалыпқа келеді дейді.  

Күлайна Мырзашева, «Қазгидромет» РМК облыстық директорының орынбасары:

- 5-7 шілде аралығында кей жерлерде секундына 15-20 шаңды дауыл күтіледі. Ал өткінші жаңбыр біздің Атырауда 6-7 шілдеде болайын деп тұр. Күндізгі температурамыз Атыруда – 36-38, түнгі температурамыз 22-24 болып, температура 4-5 градусқа түскелі тұр.

Осы категория бойынша: « Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы