374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін ысиды

  • 222
  • UPD: 16:02, 07.07.2018
Ақтөбе облысында ауа температурасы 42 градусқа дейін ысиды Zakon.kz

Ақтөбе облысында аптап ыстық бір аптадан бері сақталып тұр.

Төтенше жағдайлар қызметі шілде айының 8-10-ы аралығында сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар қызметі 8-10 шілде аралығында ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілетінін мәлімдеді. Қатты ыстық туралы хабарлама облыс тұрғындарының ұялы телефондарына түсіп жатыр. Ал бұл кезде дәрігерлер ыстыққа шыдамай, ем іздеген науқастардың артқанын хабарлады. «Күн ысып, ауа температурасы 38-40 градусқа дейін көтерілді. Жасы 60-тан асқан адамдардың қан қысымы артып, жиі көмек сұрап келеді, шақыртады. Олар дәріні міндетті түрде ішіп жүруі керек. Бас киімсіз далаға шығуға тыйым салынған, сусыз жүру де қауіпті. Кезек күтіп отырып, ғимарат ішінде ауа жетпей қиналатын жағдайлар да бар», – деді №1 қалалық емхананың жалпы тәжірибелі дәрігері Нұрлыгүл Қанымбаева.

Дәрігерлер мереке күндері де кезекшілікпен жұмыс істеп отыр. Ем іздеп келгендердің көбі қан қысымы көтерілгенін айтып, ем қабылдаған.

Осы категория бойынша: « Астанада 6-7 шілдеде кей автобус бағыттары түнгі екіге дейін жүреді Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы