Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Электрондық үкімет порталының Telegram-ботындағы қызметтерінің саны өсті

  • 523
  • UPD: 11:23, 09.07.2018
Электрондық үкімет порталының Telegram-ботындағы қызметтерінің саны өсті

eGov.kz порталының Telegram-ботындағы қызметтердің саны өсті.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ @EgovKzBot Telegram-ботында электрондық үкімет порталының қосымша 3 қызметтің іске қосылғанын хабарлайды.

Енді бот көмегімен азаматтар келесі қызметтерді ала алады:

– Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу;

– Әлеуметтік мәртебені тексеру;

– Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу.

Азамат «Мобильдік азаматтар базасында» тіркеліп, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде бекітіп, Telegram мессенджердегі ботқа жазылуы қажет. Қызметтерді алу үшін @EgovKzBot чатында алдын-ала белгіленген бұйрықтарды орындай отырып, сұранысты SMS-код арқылы растау керек. Сондай-ақ, сұрау салудың нәтижесін азаматтың электронды поштасына жіберу мүмкіндігі де бар.

Естеріңізге салсақ, 21 мамырда «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов 4 ең танымал қызметтерді (мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама) жеңілдетілген түрде алуға мүмкіндік беретін Telegram-боттың іске қосылуын хабарлаған.

Қазіргі таңда Telegram-ботқа 7016 азамат жазылды, олар 6107 анықтамаға сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде туындаған сұрақтарды тәулік бойы тегін кеңес беретін 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жолдауға болады.

Осы категория бойынша: « Қазақстанның қай өңірлерінде аптап ыстық болады? Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы