367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі

  • 400
  • UPD: 13:41, 10.07.2018

Шілде шіліңгір ыстығымен келетіні қазаққа мәлім.

Аспан айналып жерге түседі деп суреттелетін кез де осы. Адам баласы жаратылысынан сезімтал әрі нәзік. Сол себепті ыстыққа шыдас беруі де кейде қиынға соғады. Әсіресе оңтүстік өңірлерде күн күйіп тұр. Мысалы, осы айдың  15-сі мен 20-сы аралығында Түркістан облысы аумағында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі. «Әсіресе, аптап Қызылқұм, Арыс, Түркістан аймағының апшысын қуырады», – дейді синоптиктер. Сондықтан мамандар ол күндері облыс тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береді. Жалпы қатты ыстық Түркістан өңірінде шілденің 1-і мен 10-ыны аралығында өтті. Бұл күндері жедел жәрдем шақыртқандардың саны да артқан. Қаладағы шұғыл жәрдем бөліміне бір тәулікте 1800-ге жуық қоңырау түсті. 103-ке хабарласқандардың басым бөлігі тыныс жолында ақауы барлар мен жедел респираторлы вирустық инфекциясы және қан қысымы көтерілгендер. Ал алдағы 5 күнде солтүстік-батыстан салқын ауаның келуіне байланысты Түркістан облысында аптап ыстықтың беті қайтуы мүмкін. Бірақ соның өзінде +35+40 градус ауа температурасы сақталады. «Бұл – облыс аумағы үшін қалыпты жағдай», – дейді ауа райын болжаушылар.

Салтанат Қоныс, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының инженер-синоптигі:

- Екінші аптап ыстық бізде шілде айының 15-інен басталады. Ол кезде 45 градус ыстық болады деп күтілуде. Қатты ыстық бізде шөлді аймақтарда, солтүстік Арыс, Түркістанда 45-47 градус болады деп отыр. Ол уақытқа дейін біз халыққа хабарлама жіберіп отырамыз.

Осы категория бойынша: « Электрондық үкімет порталының Telegram-ботындағы қызметтерінің саны өсті Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы