368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі

  • 361
Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі beredskab.dk

Шілденің шіліңгір күні күйдіріп барады.

Әсіресе оңтүстік өңірлерде. Синоптиктердің болжауынша, осы айдың 15-20 аралығында Түркістан облысы аумағында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі. Әсіресе, аптап Қызылқұм, Арыс, Түркістан аймағында байқалмақ. Сондықтан мамандар ол күндері облыс тұрғындарына алыс жолға шықпауға кеңес береді. Жалпы қатты ыстық Түркістан өңірінде шілденің 1-10 аралығында өтті. Бұл күндері жедел жәрдем шақыртқандардың саны да артқан. Қаладағы шұғыл жәрдем бөліміне халық бір тәулікте 1800-ге жуық қоңырау шалған. 103-ке хабарласқандардың басым бөлігі – тыныс жолында ақауы барлар мен жедел респираторлы вирустық инфекциясы және қан қысымы көтерілгендер. Ал алдағы 5 күнде солтүстік батыстан салқын ауаның келуіне байланысты Түркістан облысында ыстықтың беті қайтуы мүмкін. Бірақ соның өзінде 35, 40 градус ауа температурасы сақталады. «Бұл – облыс аумағы үшін қалыпты жағдай», – дейді ауа райын болжаушылар.

Салтанат Қоныс, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының инженер-синоптигі:

– Екінші аптап ыстық бізде шілде айының 15-інен басталады. Ол кезде 45 градус ыстық болады деп күтілуде. Қатты ыстық шөлді аймақтарда, яғни солтүстік Арыс, Түркістанда 45-47 градус болады деп күтілуде. Ол уақытқа дейін біз халыққа хабарлама жіберіп отырамыз.

Гүлнәр Құрманбекова, қалалық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері:

– Маусым айына қарағанда, шақырушылардың саны 100-ге көбейіп тұр. Солардың 20 пайызын біз емханаларға жолдаймыз. Емхана қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. Дәрігер ретінде тұрғындарға өте салқын емес, жылы су ішулерін сұраймын. Таңғы сағат 11-ден кешкі 6-ға дейін далаға шықпау керек, ол кезде күнің көзі өткір болады.

Осы категория бойынша: « Түркістан облысында ауа температурасы 45-47 градусқа дейін көтеріледі 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы