370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

15 шілдеге арналған ауа райы болжамы

  • 444
15 шілдеге арналған ауа райы болжамы www.asfera.info

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика басым бөлігінің кей жерлерінде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, тек республиканың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауылмен бірге, солтүстікте түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ болуы мүмкін. Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, түнде Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күші 15-22 м/с, күндіз Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен бірге болады.

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Осы категория бойынша: « 12-14 шілдеге арналған ауа райы болжамы Астана әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы