368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

  • 405
  • UPD: 22:45, 25.07.2018
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді Наурызбай ауданы

Ертең Астана қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге елордадағы 100-ге жуық жұмыс беруші қатысады. Қала тұрғындары назарына 1000-нан аса жұмыс орны ұсынылады. Жалпы, жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздар мен мақсатты топ өкілдерін қолдау бойынша көмек көрсетуде.

Қала тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Орталық ұсынатын көмек түрлері төмендегідей: қала тұрғындарын бос жұмыс орындарына орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау, жастар тәжірибесіне жолдама беру, ақылы қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқытуды ұйымдастыру.

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі 26 шілде күні сағат 10:00-13:00 аралығында «Жастар сарайы» ғимаратында өтеді. 

Осы категория бойынша: « Еліміздің басым бөлігінде күн ысиды Аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы