374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді

  • 494
  • UPD: 11:21, 27.07.2018
Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді orinfo.ru

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді. Айта кетейік, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні елімізде демалыс күні болып белгіленген.

 Ал 30 тамызда қазақстандықтар Конституция күнін атап өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен 2018 жылғы сенбі күніне сәйкес келетін демалыс күндері ауыстырылған болатын.

Нәтижесінде, демалыс күні 25 тамыздан (сенбі) 31 тамызға (жұма) ауыстырылып, қазақстандықтар Конституция күніне орай  30, 31 тамыз және 1, 2 қыркүйекте төрт күн қатарынан демалады.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Осы категория бойынша: « Аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды Демалыс күндері оңтүстік өңірлерде 42 градусқа дейін ыстық күтіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы