365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алдағы тәуліктерде елімізде күн суытады

  • 300
  • UPD: 13:10, 15.08.2018
Алдағы тәуліктерде елімізде күн суытады

Елімізге Кар теңізі аумағынан суық дымқыл арктикалық ауа ығысатын болады.

Соның салдарынан Қазақстанның солтүстік бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды. Күндізгі уақытта бұршақ жауып, түнде ауа температурасы 7-15 градус шамасында болады. Күндіз 18-25 градус жылу болуы ықтимал. Республиканың қалған өңірлеріндегі ауа температурасы климаттық нормадан ауытқымайды. 17-28 тамыз аралығында елдің оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарының кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Осы категория бойынша: « 14-16 тамызға арналған ауа райы болжамы Елордада құрбандық шалу орындары анықталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы