369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ата-аналарды мектеп жәрмеңкесіне шақырады

  • 183
  • UPD: 12:57, 17.08.2018
Ата-аналарды мектеп жәрмеңкесіне шақырады

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада нарықтағыдан төмен бағалар бойынша мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық-нәски бұйымдарынкөтерме баға бойынша сатушылар қатысады.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан (113 кабинет) немесе 557403 тел. арқылы алуға болады.

Осы категория бойынша: « 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамы Астанада бұршақ күтіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы