367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтар жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкіндік алады

  • 239
  • UPD: 23:52, 18.08.2018
Астаналықтар жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкіндік алады ALRT

Таяу арада автобуста жол ақысын SMS арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Астана тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдау өткізіледі. Шараның өткізілу мақсаты – өзекті проблемаларды анықтау және оны айтылған шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы шешу жолдарын қарастыру. 

Қазіргі таңда ең өзекті мәселе қоғамдық транспорттың жұмысы. 

Осыған байланысты 20 тамыз 2018 жылы қалалықтарды қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақыруда. Тақырып – жол ақысын SMS арқылы қосымша төлеудің тәсілдерін енгізу мәселесі. 

Тыңдалымның өтетін уақыты мен орны: 20 тамыз, 16:00, Астана қалалық мәслихат отырысының залы, Бейбітшілік к, 11, 2-ші қабат. 

БАҚ өкілдері тіркелуі үшін өзі туралы ақпаратты «Астана LRT» ЖШС-нің Қоғаммен байланыс департаментіне 20 тамыз 2018 жылы сағат 10-ға дейін жолдауы тиіс.

Осы категория бойынша: « Астанада бұршақ күтіледі Ғалымдар өмірді ұзартатын дәрі-дәрмектерді атады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы