365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар өмірді ұзартатын дәрі-дәрмектерді атады

  • 205
  • UPD: 12:09, 19.08.2018
Ғалымдар өмірді ұзартатын дәрі-дәрмектерді атады politeka.net

Миннесота университетінің ғалымдары сенолитиктердің тиімділігін анықтады – ондай препараттар ағзаның қартаюымен күрес кезінде кәрі жасушаларды өлтіруді жеделдетеді, деп хабарлады РИА Новости агенттігі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу жұмыстары «Дазатиниб» және «Кварцетин» препараттарынан тұратын қоспаның кәрілік фенотипіне ие жасушалардың көзін жоюға мүмкіндік беретінін көрсетті. Соның арқасында, сол жасушалардан шығатын цитокиндердің кесірінен пайда болған қабыну азаяды.

Бұл қоспа кеміргіштердің 65%-ында уақытынан бұрын өлу қаупін төмендеткен. Қартайған жасушаларына трансплантация жасалған тышқандарда сенолитикалық терапия өмір ұзақтығын 35%-ға арттырды.

Ғалымдар болашақта сенолитиктердің адам қартаюымен күрес кезіндегі тиімділігін растайтындарына сеніп отыр.

Ақпарат көзі: Tengrinews.kz

Осы категория бойынша: « Астаналықтар жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкіндік алады Астанада жаңбыр жауып, жел тұрады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы