364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада үсік жүреді

  • 210
  • UPD: 18:22, 30.08.2018
Астанада үсік жүреді Baq.kz

Синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады. Астана қаласы түнде 1-2 қыркүйекте жердің беткі қабатын 2°С үсік шалады деп күтілуде.

31 тамыз күні құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерде жауын, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде+8...+10°С, күндіз +13...+15°С.

1 қыркүйек күні құбылмалы ауа райы сақталып, күндіз жауын жауады. Түнде және таңда тұман күтіледі. Жел солтүстіктен 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, жердің беткі қабаты -2°С үсік шалады, күндіз +9...+11°С.

2 қыркүйек күні құбылмалы ауа райы сақталып, күндіз жауын жауады. Түнде және күндіз тұман. Жел солтүстіктен 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, жердің беткі қабаты -2°С үсік шалады, күндіз +9...+11°С.

Түнде 1-2 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар,түнде 2-3 қыркүйекте Қарағанды, түнде 3-4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде үсік 3°С күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Осы категория бойынша: « Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су тасуы мүмкін Алдағы күндері суық ауа райы сақталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы