367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы 10 автобус маршруттарын уақытша ауыстырды

  • 178
  • UPD: 18:31, 04.09.2018
Астанадағы 10 автобус маршруттарын уақытша ауыстырды elorda.info

Елордада Сарайшық көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сол жақ жағалау бағытында «Арқар» көпірінен түсер оң жақта 4 қыркүйекте сағат таңғы 9:00-ден 5 қыркүйектегі сағат 00:00-ге дейін қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады.

Бұл туралы «Astana LRT» ЖШС-не сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

№ 15, 19, 40, 47, 51, 56, 100, 101, 104 бағдарлары бастапқы аялдама нүктелерінен «Арқар» көпіріне дейін өзгеріссіз қозғалса, кейін Сарайшық көшесіне өтіп, Түркістан көшесінің бойымен жүреді. Бұдан кейін автобустар солға Қонаев көшесіне, содан соң оңға Мәңгілік ел даңғылына өтіп, әдеттегі қозғалыс бағытына сай жүреді.

Кері бағытта да қоғамдық көліктер әдеттегі қозғалыс бағытына сай жүреді.

№ 29 бағдар бастапқы аялдама нүктесі «Дәурен» балабақшасынан «Арқар» көпіріне дейін өзгеріссіз қозғалса, кейін Сарайшық көшесі арқылы солға Түркістан көшесімен оңға Қонаев көшесімен жүреді. Бұдан кейін автобустар әдеттегі қозғалыс бағытына сай жүреді.

Кері бағытта да қоғамдық көліктер әдеттегі қозғалыс бағытына сай жүреді.

Осы категория бойынша: « Астанада алдағы үш күнде күн ашық болады Емханаға тіркелу туралы не білу қажет? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы