374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерден 5 кеңес: ағзаны суыққа қалай дайындау керек

  • 426
  • UPD: 18:38, 06.09.2018
Дәрігерден 5 кеңес: ағзаны суыққа қалай дайындау керек UAinfo

Ағзаны күз және қыс айына дайындау, күн суытар алдын ең басты кезекте тұратын мәселе.

Қалай температура төмендейді, күзгі сырқаттың белгілері байқала байқала бастайды – салқын тию, енжар көңіл-күй, әлсіз сезіну.

Астана әкімдігінің ресми сайты мен алтыншы емхананың дәрігері қыс маусымынан қалай суық тигізбей шығу керектігі туралы 5 ұсыныс әзірледі. Өзінің кеңесімен астаналық № 6 емхананың дәрігер-терапевті Айгүл Боқанова бөлісті. 

Ең бірінші дәрігер тамақтануға көңіл бөлу керектігін айтады. 

«Бұл кезеңде бір мөлшерде тамақтанған дұрыс. Көмірсу, әсіресе ауыр, майлы және ақуызды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет. Айтқандай көмірсуға көп мән беру керек, ал майлы тағамнан тек өсімдіктен жасалғанынан қоректену керек. Бұдан басқа, күн суық кезде адамдар тәтті жеуге құмарта түседі, оның орнын кепкен жемістер мен балмен алмастырған жөн», - дейді А. Боқанова.

Екінші – мүмкіндігінше белсенді өмір салтын ұстану.

«Бұл жерде спортпен бас алмай шұғылдану міндетті емес, лифтімен түсудің орнына жаяу тепкішектен көтерілу, көбірек жаяу жүру, аптасына 3 рет 3 км жол жүрсеңіз жеткілікті», - дейді дәрігер кеңес беріп. 

Үшінші кеңес – жылы киіну.

А.Боқанова күн суық кезде ауа райына қарап киінуді, бас киім мен жылы аяқ киім кию керектігін еске салады.

«Адамдардың күн суық болса да, жеңіл-желпі киініп жүргенін жиі байқаймын. Әсіресе жастар. Қыздар жұп-жұқа колготки мен бас киімсіз жүреді. Сұлулықтың құрбандықты талап етінін білемін, бірақ денсаулық қымбат», - дейді дәрігер.

Төртінші, тамақты дәрілік шөппен шаюды әдетке айналдыру 

«Дәрілік шөп сәлбеннің (шалфей) емдік қасиеті бұрыннан белгілі, соның арқасында бұл өсімдік халықтық және ресми медицинада кеңінен қолданылып келеді».

Сөзінің соңында Айгүл Боқанова Астана тұрғындары мен қонақтарына профилактикалық емдік шараларын дер кезінде алу керектігін айтады. Дәрігерлер айтқан барлық емдік процедуралардан өту қажет, оның ішінде скрининг пен байқаудан өту. Өйткені ауруды емдегеннен гөрі алдын алған дұрыс

Осы категория бойынша: « Елімізде «7-20-25» бағдарламасының алғашқы жарна салымы төмендейді 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы