364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

  • 428
  • UPD: 07:47, 07.09.2018
7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Frazy.su

Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал ететін болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің солтүстігінде және орталық аумағында төмен қысым әсерінен аздаған жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде жел соғады, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күтіледі. Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен бірге.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның  температурасы түнде +8+10°С,  күндіз +15+17°С болады.                      

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С болады.   

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК

                                                                  

Осы категория бойынша: « Дәрігерден 5 кеңес: ағзаны суыққа қалай дайындау керек Астанада Пушкин көшесі ішінара жабылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы