374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Пушкин көшесі ішінара жабылады

  • 429
  • UPD: 18:42, 07.09.2018
Астанада Пушкин көшесі ішінара жабылады astana.gov.kz

Елордада Пушкин көшесі ішінара жабық болады.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаскедегі А.Пушкин көшесі бойынша асфальтбетондық жабындының жоғарғы қабатын салу жұмыстарын бастауды жоспарлауда.

Осыған байланысты 7 қыркүйек сағат 11:00-ден 8 қыркүйек 06:00-ге дейін және 8 қыркүйек сағат 11:00-ден 9 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі А.Пушкин көшесінің аралығы автокөлік құралдарының қозғалысы үшін ішінара жабық болады.

Cонымен қатар жөндеу жұмыстары кезінде А.Пушкин көшесі бойынша жүк көліктерінің қозғалысы шектеледі.

Айналып өту Қ.Мұнайтпасұлы көшесімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Осы категория бойынша: « 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы