365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мектеп оқушылары 1 қазанға дейін қоғамдық көлікте 40 теңге төлейтін болады

  • 459
  • UPD: 21:15, 19.09.2018
Мектеп оқушылары 1 қазанға дейін қоғамдық көлікте 40 теңге төлейтін болады alrt.kz

Балалар үшін картамен де, қолма-қол төлеммен де жол жүру құны 2018 жылдың 1 қазанына дейін 40 теңге болып сақталады.

Бұл туралы «Астана LRT» баспасөз қызметінде хабарлады.

«Қала басшылығы 40 теңге көлемінде бекітілген балалар үшін жол жүру ақысының мерзімін 2018 жылдың 1 қазанына дейін ұзартты.

Дегенмен балалардың мектеп картасын жасатуға өтініш бермеген ата-аналарға бұл істі кейінге қалдырмауды сұраймыз. Себебі 15 күн өте шығады.

Балалардың көліктік картасын жасатудың екі жолы бар:

  1. «Астана LRT» ЖШС орталық кассасына келіп өтініш толтырып, одан әрі дайын картаны оқып жатқан мектептен алу.
  2. transcard.kz сайтына онлайн-өтінім жіберіп, одан әрі дайын картаны орталық кассаға келіп, алу.

Бірінші мәрте картаны алу – тегін. Карта жоғалған жағдайда қайта қалпына келтіру – 400 теңге», – делінген «Астана LRT» таратқан хабарламада.

Осы категория бойынша: « Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады? Ақмола облысы мен Астанада бұршақ жауып, тұман түседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы