365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның екі облысында жел соғып, найзағай ойнайды

  • 522
  • UPD: 16:04, 27.09.2018
Қазақстанның екі облысында жел соғып, найзағай ойнайды vkrasnoufimske.ru

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».

28-29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін батыстан және оңтүстік-батыстан желі соғады. Петропавлда 28-29 қыркүйек күндері батыс, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жел соғады деп күтіледі.

28 қыркүйек Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, тіпті 25 м/с дейін болуы мүмкін. Астанада 28 қыркүйек таңертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Хабар 24 телеарнасы