365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн суытады

  • 854
  • UPD: 17:47, 01.10.2018
Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн суытады

Демалыс күндері климаттық нормадан 4…7°С жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне жылжыды.

Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжитын болады, онымен 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі. Фронттардың артынан республиканың батыс облыстарына қатқақ шақырған кезекті антициклон жылжи бастады. Кейінгі тәуліктерде антициклон шығысқа жылжитын болады, ол Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 0…5° дейін төмендеуіне себеп болады.

Осы категория бойынша: « Астанада дауылды ескерту: екпінді жел күтіледі Астанада №19, 24 маршруттарының бағдарлары уақытша өзгертілді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы