365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада №19, 24 маршруттарының бағдарлары уақытша өзгертілді

  • 726
  • UPD: 13:44, 03.10.2018
Астанада №19, 24 маршруттарының бағдарлары уақытша өзгертілді 365Info

Елордадағы №19 және №24 маршруттарының бағдарлары уақытша өзгертілді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Astana LRT» ЖШС-не сілтеме жасап.

2018 жылдың 3 қазаны сағат 09:00-ден 4 қазан сағат 07:00-ге дейін Б.Майлин көшесінің Сәтбаев көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты автобус бағдарларының сызбасы уақытша өзгертілді.

«№19 маршрут «Тельман т/а» мәресінен басынан бастап Қ.Сәтбаев – Б.Майлин қиылысына дейін өзгеріссіз, одан әрі Сәтбаев көшесімен тіке, Күйші Дина көшесінен оңға, Жұмабаев көшесінен солға бұрылып, әрі қарай бұрынғы жол қозғалысы бойынша жүреді. Қарама-қарсы бағытта аталған бағдарға ұқсас бағдармен жүреді.

№24 бағдар «Бастау т/к» мәресінен бастап Жұмабаев – Майлин көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз. Одан әрі Жұмабаев көшесімен тіке, Күйші Дина көшесіне солға, Сәтпаев көшесіне оңға, әрі қарай бұрынғы жол қозғалысы бойынша жүреді. Қарама-қарсы бағытта аталған бағдарға ұқсас бағдармен жүреді», – делінген хабарламада.

Осы категория бойынша: « Қазгидромет: Алдағы тәуліктерде күн суытады 4-6 қазанға арналған ауа райы болжамы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы