366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай туралы 14 қызықты дерек

  • 448
  • UPD: 18:24, 09.10.2018
Қытай туралы 14 қызықты дерек ziyouz.uz

ҚХР – Қытай Халық республикасы әлемдегі ең еңбекқор әрі отансүйгіш, адам саны жағынан дүниежүзі бойынша алдыңғы орында тұрған ел.

Қытай еліндегі қызықты деректерге де бір үңіліп көріңіз.

  1. Әскери адамдар әскери шеру кезінде не сап түзеу кезінде бастарын төмен түсіріп қоймас үшін жағасының тұсына инені ішке қаратып қадап қоятын болған.
  2. Қылдай тартылған сым темірдің алты таспасын арнайы тартып қойып, әскерлердің жүру кезінде қолдарын бірдей белгілі бір деңгейде көтерілуі үшін дайындық жасайтын болған.
  3. 100 миллион қытай күніне 1 доллар ғана тауып күнін көреді.
  4. Кетчуптың отаны саналатын қытайда оның нағыз атауы «ke-tsiap». Ол балық тұздығына қосатын дәмдендіргі болғандықтан осындай атау алған.
  5. Қытайда тамақтарын өзімен бірге тасып жүріп жемейді. Не мейрамханада не асханада тапсырыс беріп сол жерден тойып бірақ кетеді.
  6. Қытай діни бағыттағы мемлекет ретінде қарастырылмаса да, бұл елде 54 миллионнан астам христиан дініндегі халық бар.
  7. Қытайда өлім жазасына кесілу басқа елдерге қарағанда жиі болып тұрады. Күніне кем дегенде 4 адам өлім жазасына кесіледі.
  8. Жергілікті халық сақшылары иіс сезгіш иттерден бөлек, қарапайым қаздарды да пайдаланады. Олардың қызбалығы және қырға көздері бұл елде жақсы бағаланады.
  9. Қытайда жылына миллионға жуық жасанды түсік жасалады. Бұл қытайдың демографиялық ахуалынан туындаған жағдай.
  10. Яодун - қытайдың 30 миллионға жуық халқы тұратын үңгір-үйлердің атауы.
  11. Қытайдың ауасының ластығы сонша, ауаның ластану аймағы Тынық мұхиты арқылы Сан-Францискоға дейін жетеді.
  12. Қытайдың астанасы Пекин қаласында бір күндік тыныс алу 21 дана темекі шеккенмен бірдей.
  13. 1973 жылы 10 миллион қытай қыздары АҚШ еліне қоныс аударған. Бұл да демографиялық кризистің әсерінен.
  14. Қытайда PlayStation ойынын ойнауға тыйым салынған.

Ақпарат көзі: Massaget.kz

Хабар 24 телеарнасы