365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды

  • 1438
  • UPD: 17:48, 11.10.2018
Еліміздің бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды Politeka

Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты тағы бірқатар өңірде ескерту жарияланды.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қазан күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерін тұман басып, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Оралда 12 қазанда солтүстіктен соққан желдің екпіні 18 м/с артады.

13-14 қазан күндері Түркістан облысында, 14 қазанда Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын жауады. Таулы аймақтарда жауын-шашын қатты болатыны (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. 13 қазанда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с және 30 м/с жететіні болжанады. 14 қазанда күндіз ауа температурасы +5+10 градус болады.

13 қазанда Кызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 23-28 м/с артады. Кей жерлерде 30 м/с және одан аса екпінде соғады.

Сонымен қатар, 12-13 қазан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болады. Жаңбырдың соңы қарға ұласады. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 3-10 градус нөлден жоғары болады.

Сондай-ақ Астанада қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде.

Осы категория бойынша: « Балаңыздың үлгеріміне интеллект емес, тұқым қуалаушылық әсер етеді Суық тию мен тұмауды қалай ажыратуға болады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы