365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады

  • 1453
Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ болады Gismeteo

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты жауын-шашын, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ байқалады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с  күтіледі, кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қостанай облысында жел 15-20, күндіз екпіні кей жерлерде 23 м/с болады, кей жерлерде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с  болады, түнде тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Осы категория бойынша: « Астанада көмір бағасы қандай? Астананың сол жағалауында теміржол билеттерін тәулік бойы сататын касса ашылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы