374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

20 қазанға арналған ауа райы болжамы

  • 546
  • UPD: 11:38, 22.10.2018
20 қазанға арналған ауа райы болжамы shkolazhizni.ru

Республиканың кей жерлерінде  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, батыста және тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с  күшейеді, Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с  күшейіп, кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының түнде және таңертең кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

20-21 қазанда Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде 1-3 градус аяз сақталады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Осы категория бойынша: « Ғалымдар газдалған сусынның қауіпті екенін дәлелдеп шықты 22 қазанда ауа райы қандай болады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы