365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар: Кофе теріні косметологтардан жақсы тазартады

  • 616
  • UPD: 18:40, 22.10.2018
Ғалымдар: Кофе теріні косметологтардан жақсы тазартады Medium

Зерттеушілер табиғи кофені тұрақты пайдалану эпидермистің қабынуынан көмектесетінін анықтады.

Қытайдағы Циндао университетінің ғалымдары дәрі-дәрмекпен емделуді және тамақтану рационын түзетуді бір ғана қарапайым өнім ауыстыра алатынын анықтады. Табиғи өнімдерді зерттеу нәтижесінде ғалымдар қарапайым ғана кофенің адамның эпидермисіне қабынуға қарсы әсер етеді деген шешімге келген, деп жазды Medical Express.

Мыңдаған әйелдің ауруларын зерттей келе, кофені тұрақты пайдалану эпидермистің зақымданып, ал терінің ұсақ және беткейіндегі тамырлары кеңейіп, қызаратын бет терісінің созылмалы қайталама ауруы – розацеа сияқты аурулардың сыртқы көрінісін азайтатынын көрсеткен. Зерттеушілер кофені күніне 3-4 рет ішу терідегі қабынуды азайтатынын айтады. Сондай-ақ терідегі қабынуға қарсы терең әсер ететін крем сияқты болады екен.

Енді ғалымдар кофеиннің негізінде тері ауруларын емдейтін арнайы фармацевтикалық препарат ойлап таппақ.

Осы категория бойынша: « 22 қазанда ауа райы қандай болады? Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы