365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 239
  • UPD: 12:56, 27.10.2018
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды Ярмарка Мастеров

Еліміздің бірқатар өңірінде күн райы суытып, жауын-шашын жауады.

Аймақтар: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы

28 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 18-23 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 28 қазанда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. 29-31 қазанда түнде кей жерлерде 3 градус үсік күтіледі. Тараз қ.: 28 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. 29-31 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Ақмола облысы

28-30 қазанда Ақмола облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Астана қ.: 28-30 қазанда батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақпарат көзі: kazhydromet.kz

Осы категория бойынша: « Ғалымдар: Кофе теріні косметологтардан жақсы тазартады Астанада жел күшейіп, көктайғақ болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы