364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

  • 313
Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі Turkystan.kz

Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі.

«105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын. 2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы №363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр. «УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу - Атырау - Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады.

Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 - Маңғыстау» бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды. 2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 - Орал» қатынасындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана - Тобыл станциясы арқылы жүреді. Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

№ 152/151 Астана - Алматы жиілігі күнара;

№ 162/161 Алматы - Семей жиілігі күнара;

№ 173/174 Алматы - Шымкент жиілігі күнара;

№ 176/175 Алматы - Түркістан жиілігі күнара;

№ 251/252 Самарқанд - Астана жиілігі аптасына бір рет;

№ 253/254 Астана - Достық жиілігі аптасына 2 рет.

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болады? «Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға көшеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы