365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға көшеді

  • 268
«Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға көшеді elorda.info

Астаналықтар «Астана LRT» ЖШС-ның орталық кассасындағы қызмет көрсету терезелері санының көбеюіне байланысты жылдам қызмет ала алатын болады, деп хабарлайды «Астана LRT» баспасөз қызметі.

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасының қолданыстағы қызмет көрсететін 6 терезеге тағы 4 терезе қосылады. Осылайша, кассада енді 10 қызмет көрсету терезесі жұмыс істейді.

Орталық касса 12 қарашадан бастап жаңа мекенжайға көшеді. Кассаның жаңа мекенжайы: Р.Қошқарбаев көшесі, 50/1.

Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды.

Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ келесідей артықшылықтары бар:

- Қызмет көрсету терезелерінің саны көбейтілген, соның салдарынан кезекте тұру азаяды;

- Күту залы үлкен;

- Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін жеке аймақ;

- Санузел;

- Балалар ойнайтын аймағы бар.

 Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі-жұма күндері сағат 08:30-18:00-ге дейін түскі үзіліссіз.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-ның мамандандырылған орталық кассасынан көлік карталарын сатып алуға және толтыруға, атаулы мектеп көлік карталары мен жеңілдік картасын алуға, ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға, атаулы (жеңілдік, мектеп) көлік картасының телнұсқасын алуға болады.

Осы категория бойынша: « Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі Қазгидромет: Қараша бұлтты және жауын-шашынды ауа райымен келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы