367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазгидромет: Қараша бұлтты және жауын-шашынды ауа райымен келеді

  • 382
  • UPD: 14:53, 31.10.2018
Қазгидромет: Қараша бұлтты және жауын-шашынды ауа райымен келеді

Отандық метеорологтар 1-3 қарашаға арналған ауа райына болжам жасады.

Мамандардың хабарлауынша, күздің соңғы айы Қазақстанның барлық дерлік аумағында жауын-шашынмен және күннің суытуымен басталады.

Солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашын және температураның төмендеуін тудырған суық атмосфералық фронт алдағы екі тәулікте оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстардағы ауа райына ықпал ететін болады. Мұнда жауын-шашын, әсіресе қар, таулы және тау бөктері аудандарында қалың қар, тұман, көктайғақ және температураның төмендеуі күтіледі.

Ал республиканың солтүстік бөлігіне алдымен жылы, содан кейін Баренц теңізі аудандарынан арктикалық суық фронт келеді.

Тек республиканың батыс облыстары антициклон аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және ауа температурасы шамалы көтеріледі.

Осы категория бойынша: « «Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға көшеді Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы