367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада дауылды ескерту жарияланды

  • 229
Астанада дауылды ескерту жарияланды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астанада 5 қараша күні оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20м/с күшейетінін ескертуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Естеріңізде болсын: ең қауіпті арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалуға болады.

Осы категория бойынша: « Астанадағы №72 автобустың бағдары өзгереді 6-8 қарашаға арналған ауа райы болжамы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы