364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарға екі ай бойы Таиландқа виза тегін беріледі

  • 225
  • UPD: 12:05, 07.11.2018
Қазақстандықтарға екі ай бойы Таиландқа виза тегін беріледі Турпром

Таиланд билігіндегілер туристерді тарту мақсатында виза үшін төлемді алып тастады.

Бұл 21 мемлекеттің турисіне қатысты, олардың ішінде Қазақстан да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Bangkok Post басылымына сілтеме жасап. Осыған дейін туристер әуежайда 2 000 бат төлесе, енді олар бұл төлемнен босатылады. Сондай-ақ турист 15 күнге келген болса немесе дәл туристік маусымда 1 желтоқсан мен 31 қаңтар аралығында келсе, виза үшін төлемейді.

Басылымның мәліметінше, Таиланд билігіндегілер Украина, Румыния, Қазақстан және Қытай туристерін қызықтырмақшы. Осылайша, туристердің саны кем дегенде 30 пайызға көбейетіні айтылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері Таиландқа 28 миллион шетелдік турист келген.

Осы категория бойынша: « Еліміздің екі облысында дауылды ескерту жарияланды Ауа райы: Алдағы тәуліктерде қар жауып, аяз болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы