367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты кеңес берді

  • 354
  • UPD: 18:10, 07.11.2018
Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты кеңес берді

Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты халыққа кеңес берді.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 8 қарашада  көктайғақ, жаяу бұрқасын күтілуде. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына: 

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндікше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет;

- аяқ астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Егер де мұзды «шалшықты» айналып өту мүмкін болмаса, онда оның үстінен шаңғышы сияқты, жеңіл адыммен жүріңіз.

Жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.     

Естеріңізде болсын: ең қауіпті арқамен, бетпен құлау қауіпті, бастан зақым алуыңыз мүмкін.  Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға тырысыңыз. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» номеріне қоңырау шалыңыз.

Осы категория бойынша: « Ауа райы: Алдағы тәуліктерде қар жауып, аяз болады Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы