369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі

  • 346
  • UPD: 14:40, 08.11.2018
Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі eKaraganda

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, 9 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.

Қатты жел, бұрқасын болған кезде:

- мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын іргелі құрылыс нысандарында тоса тұрған жөн;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздыр;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- орын жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз.

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!

Осы категория бойынша: « Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты кеңес берді Дауылды ескерту: Үш облыста жел күшейіп, көктайғақ болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы