367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дауылды ескерту: Үш облыста жел күшейіп, көктайғақ болады

  • 497
Дауылды ескерту: Үш облыста жел күшейіп, көктайғақ болады Бердянск 24

Синоптиктер үш облысқа ауа райына байланысты ескерту жасады.

9 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Астана қаласында 9 қарашада көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде және таңертең 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі.

Осы категория бойынша: « Астанада көктайғақ, бұрқасын күтіледі ШҚО-да қыс қаһарына мінді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы