364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да қыс қаһарына мінді

  • 656
  • UPD: 23:28, 09.11.2018
ШҚО-да қыс қаһарына мінді Today.kz

Шығыс Қазақстанда қыс қаһарына мініп, боранды күндер басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін өңірдің шалғай аудандарындағы күре жолдарда көктайғақ пен қарлы боранның салдарынан бірнеше көлік апатқа ұшырап, қатынас қиындады. Әсіресе Шемонаиха ауданына апаратын тас жол бойында жолдан шығып кеткен көліктер жиі кездесіп жатқан көрінеді. Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіде де белсене жазып жатыр.

Айта кету керек, өңірде бүгін күн райының бұзылатыны жайлы алдын ала дабылды ескерту жарияланған еді. Онда облыста қатты жел тұрып, тұман болып, қар аралас жаңбыр жауатыны жайлы хабарланған болатын.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Әзірге облыстық маңызы бар Өскемен-Самар-Тарғын жол қатынасы барлық көліктер үшін жабық. Егер осындай күн райы жалғаса берсе, басқа да бағыттарда көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Жолда қалып қойғандар туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ. Дегенмен тұрғындарға сақ болуды ескертеміз, жолға шығарда жылы киімдермен қажетті заттарды дайындап, бірге алып шығуға кеңес береміз.

Осы категория бойынша: « Дауылды ескерту: Үш облыста жел күшейіп, көктайғақ болады «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы дүйсенбіден бастап жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы