367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы дүйсенбіден бастап жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейді

  • 539
  • UPD: 11:05, 11.11.2018
«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы дүйсенбіден бастап жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейді

2018 жылдың 12 қарашасынан бастап «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы өз мекенжайын өзгертеді.

Кассаның жаңа мекенжайы: Қошқарбаев көш., 50/1, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды. Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ  ауқымды күту залы; заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы; қызмет көрсету терезелерінің көптігі, балаларға арналған ойнау бұрышының ұйымдастырылуы сияқты артықшылықтары бар.

Орталық касса дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз. Сондай-ақ мұнда жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарының дубликаты беріледі. Жаңа мекенжайға қатынайтын бағдарлар: №3, №20, №41, №47, №21, №33, №107(экспресс), №100(экспресс). Аялдамалар: «Тұрсын Астана» Т/К және «Барыс» Т/К.

Осы категория бойынша: « ШҚО-да қыс қаһарына мінді Елордада аязды ауа райы тұрақтанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы