376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада аязды ауа райы тұрақтанды

  • 843
  • UPD: 14:14, 11.11.2018
Елордада аязды ауа райы тұрақтанды

Алдағы үш тәулікте Астанада аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

11 қарашада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Көктайғақ болады деп күтілуде. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -20-22°С, күндіз -10-12°С. 12 қарашада да көшпелі бұлт шығып, жауын жаумайды. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 7-12 м/с жетеді. 13 қарашада көшпелі бұлт шығып, күндіз қар жаууы ықтимал. Батыс, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Сынап бағанасы түнде -12-14°С, күндіз -7-9°С көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы