371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-ның бірнеше ауданында үскірік аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

  • 710
  • UPD: 09:47, 13.11.2018
ШҚО-ның бірнеше ауданында үскірік аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстандағы бірнеше ауданда оқушылар үшін күтпеген демалыс басталып кетті.

Облыстық ТЖД ресми сайты білім басқармасының ақпаратына сүйене отырып, бүгін таңертең Зырян ауданында -34 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-11 сыныптары үшін сабақ тоқтатылғанын хабарлады. Сол сияқты Көкпекті ауданында да 1-11 сыныптар оқымайды.

Риддер қаласы мен Үржар ауданында да 1-4 сынып оқушылары үшін кезектен тыс демалыс. Ал Аягөз ауданында түске дейін білім алатын 1-9 сыныптар сабаққа бармайды.

Авторы: Болат Көкенай

Осы категория бойынша: « Елордада аязды ауа райы тұрақтанды ХҚКО жұмысы туралы ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы