369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ХҚКО жұмысы туралы ақпаратты мобильді қосымшадан білуге болады

  • 612
  • UPD: 22:04, 13.11.2018

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұялы телефондағы қосымша арқылы білуге болады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы IT кеңесімен бірлесіп, «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын іске қосты. Ол арқылы қызметкерлердің жұмысы бағаланып, арыз шағымдар мен ұсыныс пікірлер қабылданады.

Дәурен Сыздықов Астанадағы құрылыс компаниясының заңгері. Бүгін жұмыс барысымен халыққа қызмет көрсету орталығына келген. Мамандардан «Цифрлық агент» қосымшасы туралы естіп, бірден жүктеп алды.

Дәурен Сыздықов, қала тұрғыны:

- Өте ыңғайлы қосымша екен. Мен жұмыс жағдайында халыққа қызмет көрсету орталығына жиі келем.  Кейде түрлі түйткіл  жайттарға байланысты кідіруге, тосуға тура келеді. Ал мына қосымша арқылы құжаттарыңызды реттей алмай жатсаңыз хабарлама жіберуге болады. Сондай-ақ шағым ғана емес, ұсыныстар да қалдыруға болады.

Қосымшаны бір апта ішінде еліміз бойынша 600 ге тарта адам жүктеп, оның қызметін пайдаланған. Алдағы уақытта қосымшаны жетілдіре түсу көзделіп отыр.  Мәселен, салық органдарының, емханалар мен мемлекеттік мекемелердегі қызмет сапасы туралы шұғыл хабар беруге  мүмкіндік жасалады. Өтінішті қарауға  5 минут уақыт беріледі. Ал алғашқы  сынақ мерзімінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарындағы жұмыс барысын бақылау жоспарланған. 

Жазира Жылқышиева, ҚР СЖҚІМҚА Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Астана қаласы бойынша 50 ден астам өтініш болса, Соның жетеуі арыз шағым. Сол арыз шағымға біз 5 минуттың ішінде жауап қайтардық. Бұл жерде Елбасының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік органдар азаматтарға жақындап , олардың проблемасын тез арада шешу керек. 

Қосымша арқылы мемлекеттік қызмет сапасын, қызметкерлердің сыпайылығы, кәсіби этикасы, мекемедегі әкімшілік кедергілер және басқа да талаптар 5 баллдық жүйемен бағаланады. Бұған қоса суреттер мен бейнематериалдарды да жүктей алады.

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Халыққа қызмет көрсету мамандарының айтуынша, орталлыққа жұртшылықтың 70 пайызы тұрғылықты мекен-жай, жылжымайтын мүлік және сотталмағаны жөніндегі анықтаманы алуға келеді. Ал егов кз. бот мобильдік қосымшасы арқылы осындай 45 мемлекеттік қызметін түрін алуға болады. Ол үшін телефон номеріңіз мобильдік ақпараттық жүйеге тіркелу қажет. Қажетті анықтама телефоныңызға түседі.

Осы категория бойынша: « ШҚО-ның бірнеше ауданында үскірік аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы