371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың сол жақ жағалауына тегін экскурсия жасай алады

  • 208
  • UPD: 22:59, 21.11.2018
Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың сол жақ жағалауына тегін экскурсия жасай алады

24 және 25  қарашада Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия ұйымдастырылады.

Тұрғындар мен қонақтар нысандарға екі қабатты «Red Bus» автобустарымен жетеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Экскурсияның бастапқы нүктелері: «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы мен ҚР Ұлттық мұражайы. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде, алма-кезек). Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10:00 (қазақ тілінде);  сағат 12:05 (орыс тілінде); сағат 14:45 (қазақ тілінде);  сағат 16:50 (орыс тілінде); сағат 18:55 (қазақ тілінде).

Бұдан кейін автобустар мына нысандарда аялдайтын болады: «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық мұражай, «Астана Бәйтерек» монументі және «AiLand» (океанариум).

Ұлттық мұражай аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10:00 (қазақ тілінде); сағат 12:05 (орыс тілінде); сағат 14:45 (қазақ тілінде); сағат 16:50 (орыс тілінде); сағат 18:55 (қазақ тілінде).

Келесі аялдамалар: «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana» және Ұлттық Мұражай.

Осы категория бойынша: « 21 қарашадағы ауа райы: Солтүстікте боран соғады Жолдардың жабылуы туралы ақпарат »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы