376,06 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр?

  • 414
  • UPD: 17:25, 23.11.2018
Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұр? Zakon.kz

Синоптиктер алдағы 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» болжамы бойынша алдағы күндері қар жауып, бұрқасын болады.

Қазақстан арқылы атмосфералық фронттар жылжитындықтан, еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Ал сенбіде республиканың солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарының кей жерлерінде қатты қар, бұрқасын, 23-28 м/с екпінімен күшті жел соғуы мүмкін. Ал жеке аймақтарда 30 м/с-тан да аса жел соғады деп күтіледі. Сонымен қатар аномальді жылудан кейін ауа температурасының климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы