369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады?

  • 1457
  • UPD: 17:24, 23.11.2018
Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады? themebeta.com

Желтоқсанда қазақстандықтар бас-аяғы 13 күн демалады.

Қыстың алғашқы айы 1 желтоқсан күні тойланатын мемлекеттік мереке –Тұңғыш Президент күнімен басталады. Биыл ол сенбіге түсетіндіктен, қосымша демалыс күні дүйсенбіге, 3 желтоқсанға ауыстырылады.

Республиканың басты мемлекеттік мерекесі – Тәуелсіздік күні 16 және 17 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге түседі, сондықтан сейсенбі, 18 желтоқсан демалыс күні болады.

Сондай-ақ жылдың соңғы дүйсенбісі, 31 желтоқсан да демалыс күні болады. 2018 жылдың соңғы жұмыс күні – сенбі, 29 желтоқсан.

Жаңа жылдық демалыс күндері төрт күнге – 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Осы категория бойынша: « Жолдардың жабылуы туралы ақпарат Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы