389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 981
  • UPD: 17:24, 23.11.2018
Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды ria.ru

Алматыда дауыл болатындығы ескертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖД таратқан хабарламаға сәйкес, 24-25 қарашада Алматыда желдің екпіні секундына 15 метр жетіп, жаңбыр жаууы мүмкін.

«Жолдарда көктайғақтың болу ықтималдығына байланысты автокөлік жүргізушілеріне апат болу қаупінің артуы салдарынан жеке көліктерді пайдалануды шектеуді ұсынамыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді тротуарларда жүру кезінде сақтық шараларын сақтап, көп қабатты ғимараттарға жақындамауларын сұраймыз», - делінген ескертуде.

Сонымен қатар, 25 қарашада қардан тазарту жұмыстарына байланысты әкімдік автокөлік иелеріне жол жиектеріне көлік қоймауларын сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы