377,95 433.40 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 528
  • UPD: 17:58, 23.11.2018
Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды NewTimes.kz

Синоптиктер алдағы күндері еліміздің 4 облысында күшті жел соғады деп ескертеді.

«Қазгидромет» болжамы бойынша 24 қараша күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғып, солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында да кей жерлерде боран соғуы ықтимал, солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

24 қараша күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Кей жерлерде боран соғады.

Қостанай облысының кейбір аймақтарында боран соғуы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы