371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана қалалық ТЖД елордалықтарды сақ болуға шақырды

  • 360
  • UPD: 16:50, 24.11.2018
Астана қалалық ТЖД елордалықтарды сақ болуға шақырды

Астана қ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 25-27 қарашада көктайғақ, жел болады (екіпін – 15-20 м/с), деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД.

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына:

- мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- құрылыс объектілері қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Жолдан өту кезінде асықпаңыз, жүгіріп өтпеңіз, сақтық шараларын сақтаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Бұдан бөлек, 25-27 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, 25 қарашада екпіні 25 м/с жетеді.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95 %, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Осы категория бойынша: « Еліміздің төрт облысында дауылды ескерту жарияланды Астанада және бес облыста жолдар жабылып, қозғалыс тоқтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы