369,36 420.60 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада және бес облыста жолдар жабылып, қозғалыс тоқтады

  • 317
Астанада және бес облыста жолдар жабылып, қозғалыс тоқтады

Астанада тынымсыз жауған қар мен қатты желдің салдарынан бірқатар жолдар жабылды.

«Сенбі күні кешкі сағат 19.30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қар аралас жаңбыр, ызғырық жел, көктайғақ) Астана - Қарағанды, Астана - Қорғалжын, Астана - Қабанбай батыр жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», - деп хабарлайды iKomek қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығы. Қозғалыс қайта жанданған кезде қосымша хабарланады. 24 қараша күні сағат 18.00-де Павлодар облысында республикалық және облыстық мәндегі бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

Алматы облысын Шығыс Қазақстанмен жалғайтын Алматы - Өскемен (79-615 шақырымы, Қапшағай бекеті - ШҚО шекарасы учаскесі) және Сарыөзек - Көктал (15-65 шақырымы) жолдарында да қозғалыс тоқтады. Жамбыл облысында да жол жабылған. Алматы - Ташкент - Термез (536-593 шақырымы - Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін, 593-632 шақырымы - Жамбыл облысының шекарасынан Жаскешу ауылына дейін) автожолында қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да жолдар жабылды.  

Ақпарат көзі: inform.kz

Осы категория бойынша: « Астана қалалық ТЖД елордалықтарды сақ болуға шақырды Алдағы күндері Астанада ауа райы қандай болмақ? »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы